USD474.83EUR515.38RUB5.5

Қала әкімі Бақытжан Байахметов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін құттықтады

29 маусым 2022, 14:58
Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай БАҚ өкілдерімен кездесті.
Қала әкімі Бақытжан Байахметов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін құттықтады

Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

«Біздің егеменді даму жылдарында сіздер жаңа ұрпақ арасында еркіндік рухын қалыптастыруға зор үлес қостыңыздар. Мен мемлекет пен қоғам арасындағы көпір болып табылатын журналистердің еңбегін жоғары бағалаймын», - деді Бақытжан Байахметов.

Қазіргі заманғы Бұқаралық ақпарат құралдары жаңа үрдістерге сүйене отырып, форматтарын өзгертуде, цифрлық кеңістікке шығуда, бірақ мақсаттары өзгеріссіз қалуда: оқиғалар туралы объективті айту, тұрғындарды толғандыратын тақырыптарды көтеру, қоғам мен билік арасындағы диалогты қолдау.

«БАҚ алдағы уақытта да өңірдің дамуын, жаңа жобалар мен бастамаларды іске асыруды жедел әрі объективті түрде жариялап, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге елеулі үлес қосып келе жатқан жерлестеріміз туралы хабардар ететініне сенімдімін. Біз жергілікті билік органдарының жұмысын жақсартуға ықпал ететін сындарлы пікірлеріңізді қолдаймыз. 

Билік пен журналистер реформалардың мемлекеттік бағытын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ете отырып, бірге жұмыс істеуі керек деп санаймын. Кәсіби мерекеде барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, журналистиканың бастауында тұрған сала ардагерлеріне жемісті жұмысы мен ынтымақтастығы үшін алғысымды білдіремін», - деді қала әкімі.

Кәсіби мерекеге орай Бақытжан Байахметов «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен «SEMEI» телеарнасы директорының орынбасары Зикибаев Бектұрсын Далелханович және «ТВК-6» телеарнасының контентті дамыту жөніндегі бас редакторы Калачян Маргарита Мнацакановнаны марапаттады.

«ТВК-6» телеарнасының бас редакторы Жақсыбаев Дуйсенбек Зейноллаұлы, «Семей таңы» газетінің редакторы Кожаев Куаныш Шакенович, «SEMEI» телеарнасының техникалық-пайдалану қызметінің бас инженері Томозов Денис Сергеевич, «Объектив Восток» ақпараттық агенттігінің редакторы Бейсембаев Динмухамед Аскаровичті, «Вести Семей» газетінің редакторы Рысакова Шынар Нурбековна, «SEMEI» телеарнасының операторы Магзумов Елжан Багдолдановичті  «Құрмет грамотасымен» марапаттады. 

Сондай-ақ, «SEMEI» телеарнасының жарнама жөніндегі аға менеджері Байкетаев Нуржан Ержановичке, «SEMEI» телеарнасының телебағдарламаларын дайындау жөніндегі шығармашылық қызметтің бейнемонтаж қызметкері Базарбеков Мәди Дәуренұлы, «SEMEI» телеарнасының телебағдарламаларын дайындау жөніндегі шығармашылық қызметтің дыбыс режиссері - гримері Бекмухаметова Ильмира Аманжоловнаға, «SEMEI» телеарнасының бейнемонтажері Толебаева Анар Кайратовнаға, «SEMEI» телеарнасының редакторы - Қазез Бақытгүл Қазезқызына, «ТВК-6» телеарнасының операторы және бейнемонтажері - Толымхан Сункар Айдынулына, «Семей таңы» газетінің дизайнер-беттеушісі - Акимжанова Торгын Далеловнаға, «Вести Семей» газетінің аға дизайнер - беттеушісі Коробова Елена Дмитриевнаға, «Шығыс ақпарат» ЖШС журналисті - Семейханова Саягуль Гылымбековнаға, «Ертіс өңірі газеті» ЖШС бас редакторы - Қайса Гүлім Заманбекқызына, «Спектр» газетінің баспашысы - Жумажанов Думан Даулетовичке, «ТВК-6» телеарнасының эфир операторы -Богачев Никита Анатольевичке, «Ертіс өңірі газеті» ЖШС баспашысы - Жакин Канат Серикбаевичке, «Спектр» газетінің бас редакторы - Жумагалиева Асель Серикқызына табыстады.

«Біз туған қаламыздың және оның тұрғындарының игілігі үшін жұмыс атқару арқылы ортақ іс жасап жатырмыз деп сеніммен айта аламын», - деді қала әкімі. Кездесу соңында Бақытжан Байахметов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне шығармашылық шабыт, денсаулық және амандық тіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar