USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейде қаланың жүйелі мәселелерін шешуге бағытталған 500-ден астам жоба бар

28 маусым 2022, 10:33
Семейге облыс әкімі Ұранхаев Нұрлан Телманұлының шақыруымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы - Александр Милютин, Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы - Альберт Рау, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы - Ерлан Барлыбаев, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері келді.
Семейде қаланың жүйелі мәселелерін шешуге бағытталған 500-ден астам жоба бар

Арнайы кеңесте Абай облысын дамытудың түрлі аспектілері талқыланды.

«Маңызды мәселелердің бірі қаланы жылумен қамту, сумен жабдықтау, су бұру және жолдарды жөндеу болып табылады. Энергетика министрлігі жанынан Семей қаласын жылумен қамтамасыз ету мәселелерін қарау жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды. Бұл комиссияның жұмысы жемісті болады деп үміттенеміз», - деді Бақытжан Байахметов кеңеске қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде. 

Кеңесте энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке комиссия жұмысын жедел бастау туралы ұсыныс айтылды. Сондай-ақ, ЖЭО-3 құрылысы жобасын қарау кезінде жылу көздерінде өндіретін электр энергиясын тасымалдау желілерін дамытудан, сондай-ақ Семей қаласында 220 кВ жаңа қосалқы станция салу мәселесінен бастау ұсынылды.

Кеңеске қатысушылар қолда бар және әзірленіп жатқан жобалар бойынша қаланы және елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру және қысқа мерзімді кезеңде сумен қамтамасыз ету жоспарын іске асыру мәселелерін қарады.

Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын, атап айтқанда, Семей қаласының айналасында жаңа көпір мен айналма жол салу, мектептер мен балабақшалар және денсаулық сақтау объектілерін салу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, Семей мен ауылдық округтерді дамытудың басым жобалары таныстырылды. Жалпы алғанда 515 жоба бар, оның ішінде 177 жоба дайын құжаттамамен, 97 жоба бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленуде және 241 жоба жобалық-сметалық құжатты әзірлеуді талап етеді. Бұл жобалардың барлығы қаланың жүйелі мәселелерін шешуге бағытталған.

Жергілікті атқарушы билік тарапынан барлық мәселелер бойынша құрылымдық министрліктердің өкілдеріне тиісті түсініктемелер беріліп, Семей қаласын дамытудың басым жобалары республикалық деңгейде қолдау табатынына сенім білдірілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar