Нұрлан Ұранхаев кентке барып, шеткері жерлердегі проблемалармен танысты. Абаттандыру, жарықтандыру бойынша жұмыстардың бір бөлігі осы жерде жүргізілді. Мысалы, өткен жылы футбол алаңы бар көпфункционалды алаң орнатылып, мектеп салынды. Биыл-балалар алаңы орнатылды.
Жергілікті тұрғындар сумен қамтамасыз ету, балабақша салу және полигонның орнын ауыстыру мәселелерін шешуді күтуде. Әкім бейінді ведомстволарға қала маңын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін мәселені зерделеуді тапсырды.