USD474.83EUR515.38RUB5.5

Қала әкімі Озерки ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

23 маусым 2022, 15:54
Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Озерки ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Мұнда 9 елді мекенде 2 700 адам тұрады.
Қала әкімі Озерки ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Соңғы 3 жылда округті дамытуға 695,9 млн. теңге бөлінді. Қаражат Озерки ауылында балалар алаңын салуға, көше жарығын орнатуға, Семей - Талица, Кіші Ақтөбе ауылдарына кірме жолдарды күтіп ұстауға бағытталды.  Әкімдік ғимараты мен Ұлы Отан соғысы ескерткішіне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Қаракөл ауылының өрт сөндіру көлігін орналастыру үшін өрт сөндіру бекетінің шатырын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ БМС электр қондырғысы электр желілеріне қосылды. Сонымен қатар, қаражат Озерки ауылындағы су бұру құбырлары мен кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарына бағытталды. Половинки ауылында су құбыры желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірленді.

Сондай-ақ Озерки орта мектебінің шатыры мен жылу жүйесіне және Талица жалпы білім беретін мектебіне (тамбур, ішкі дәретханалар жүйесі) және кітапханаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Семей - Талица автожолын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Талица ауылында воркаут элементтері бар балалар ойын алаңын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Озерки ауылында футбол алаңын орнату басталды.  Сондай-ақ, Талица ауылындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары аяқталды.

«Востокоблпроект» ЖШС - мен Талица ауылында су құбыры желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжатты әзірлеуге шарт жасалды. Сараптаманы алу мерзімі: ағымдағы жылдың тамыз айы деп күтілуде.  Талица мектебіне физика кабинеті сатып алынды. Сонымен қатар, Половинки ауылында су құбыры желілерін салу жоспарлануда.

Жалпы, 2025 жылға дейін округті дамытуға 1 081,6 млн.теңге бөлу жоспарланған. Бұл Половинки ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысын аяқтау және Талица ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысына бағытталады. Сонымен қатар, Половинки ауылының көшелерін жарықтандыру жоспарлануда.

2025 жылға Озерки ауылының клубын салу жоспарлануда. Өткен кездесуде тұрғындар азаматтардың қауіпсіз өтуі үшін Озерки ауылындағы өзен арқылы өтетін көпірге жақтаулар орнатуды сұрады. Бұл мәселе демеушілік көмекті тарту аясында шешілді. Сондай-ақ, тұрғындар Қаштақ ауылындағы ормандарды кесу мәселесін ерекше бақылауға алуды сұрады.

Ауылдық округ әкімдігімен «Семей Орманы» МОТР мен Ертіс орманшылығына Ертіс өзенінің бойындағы орман алқабын, сондай-ақ Қаштақ ауылындағы іргелес орман алқабының аумақтарын сақтау бойынша бақылауды күшейту талаптарымен хат жолданды.

Тұрғындар сумен жабдықтау жүйесінде сақиналардың болмауына байланысты орталық су құбырының қатып қалу мәселесін шешуді сұрады. Ауылдық округ әкімдігі «Семей Водоканал» МКК директоры Е. З. Сағындықовқа қысқы уақытта халықты ауыз сумен жабдықтау үшін Озерки ауылындағы су құбыры желісінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау туралы хат жолданды. Ағымдағы жылы проблемалы учаскелерде сумен жабдықтау жүйесін сақиналау жұмысы жоспарлануда.

Сонымен қатар, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі туралы мәселе көтерілді. Округ аумағында Ертіс өзенінің бойында су қорғау және орман қорғау аймақтары бар, онда мал жаюға қатаң тыйым салынады. Жалпы, ауылдық әкімдікпен халыққа мал жаю үшін жалпы алаңы 861,49 га 8 жер учаскесі берілді. Қосымша Қаракөл ауылының маңында жалпы ауданы 6196,908 га жайылымдық жерлер бөлінді.

Озерки ауылының тұрғындары футбол алаңын салу мәселесін шешуді сұрады. Наурыз айында бюджетті нақтылау кезінде Озерки ауылында футбол алаңын орнатуға қажетті қаражат бөлінді. Футбол алаңының орналасуы туралы тұрғындар арасында пікірлер екіге бөлінді. Кейбіреулер мектеп жанында ұйымдастыруды ұсынса, ал басқалары жолдың жанында кең орынға орналастыруды сұрайды. Мәселе қала әкімінің жеке бақылауында.

Сондай-ақ, қала басшысы ауылдық округ әкіміне ауыл жұртшылығымен және белсенділермен бірге футбол алаңын салатын орынды анықтауды тапсырды. Озерки ауылында балабақшалар жетіспейді. Тұрғындар жаңа балабақша салуды сұрады.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында кәсіпкер Б. Қалиев 30 орындық балабақша салуды жоспарлап отыр. Оған балабақша құрлысына жер телімі бөлінді. 

Сондай-ақ, тұрғындар Семей - Талица автожолын жөндеуді сұрады. Сұрақ өз шешімін тапты. Тұрғындар Семей - Талица автобус бағыты аптасына екі рет жүзеге асырылады деп шағымданды. Енді «КазСтройОрда» ЖШС жеке тасымалдаушысы Семей-Талица жолаушылар тасымалын аптасына үш рет ұйымдастырады.  

Қала әкімі Бақытжан Байахметовпен өткен кездесуде жалпы 21 мәселе көтерілді. Оның ішінде 4 мәселе шешімін тауып, 8 – жұмыс жасалу барысында, 5 – қосымша қарауды қажет етеді. Қалған мәселелерді Заңның талаптарына байланысты шешу мүмкін емес немесе олар іс жүзінде жасылана алмайды деп танылады.

Тұрғындар үй жануарларының бруцеллез ауруына алаңдаушылық білдірді. Бақытжан Байахметов ауыл шаруашылығы бөліміне мал егуді бақылауды күшейтуді тапсырдым.

Сондай-ақ, көмір бағасын және оны жеткізу мөлшерін бақылауды сұрады. Қатты отын барлық тұрғындарға жеткілікті. Қала әкімі орынбасарына жеткізушілермен жұмыс жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, суық ауа райының басталуын күтпей, көмірді алдын-ала сатып алу маңызды. Округ әкімі көмірге мұқтаж адамдардың тізімін жасап, оларды отынмен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы қажет.

Бақытжан Байахметов алдағы мереке - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Мемлекеттік қызмет ардагерлерін - Ерғали Омарғалиұлы Байтасов, Жұмағүл Рымбекқызы Тастамбекова және Александр Ивановна Собченко құрмет грамоталарымен марапаттады.

Қала әкімінің жеке қабылдауына 2 топтағы мүгедек Шолпан Амиржанова жүгінді. Ол Қаштақ кентінде тіркелген. Шолпан Амиржанова тұрғын үй алу үшін кезекке тұрғысы келеді. Қала әкімі тұрғын үй инспекциясы бөліміне тұрғын үй сатып алу бойынша түрлі мемлекеттік банктік бағдарламаларға қатысу үшін қажетті құжаттарды жинау жөнінде кеңес беруді тапсырды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar