Мұнда жалпы ұзындығы 2 шақырым жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалатын жұмыстардың жалпы ауданы- 14 000 м2 құрайды. Жол төсемінің ені- 7 метр, ұзындығы 2 километр. Қазір жол қызметкерлері қалыңдығы 5 см-ге дейін ірі түйіршікті асфальтбетонның тегістеу қабатын, қалыңдығы 4 см қиыршық тасты мастикалық асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеуде.
Жұмыстарға ондаған түрлі жол техникасы тартылған. «Энергетик шағын ауданы тез дамып келеді, аталған аумақта көптеген автомобильдер жүреді. Сондықтан, көлік жүретін бөліктен басқа, біз көліктерге арналған тұрақ аймақтарын құруды қарастырдық. Барлығы осындай жеті тұрақ алаңын жабдықтау жоспарлануда», - деп атап өтті Бақытжан Байахметов.
Шамамен, жұмыстар ағымдағы жылдың 5 шілдесіне дейін аяқталады деп күтілуде.