USD481.68EUR522.48RUB5

Нұрлан Ұранхаев Семейдегі мектептердің жағдайымен танысты

23 маусым 2022, 10:19
Облыс әкіміне № 17 мектепте оқу сыныптары мен кабинеттерге экскурсия жасалды және жүріп жатқан жөндеу жұмыстары туралы айтылды.
Нұрлан Ұранхаев Семейдегі мектептердің жағдайымен танысты

«Мектеп 1985 жылы пайдаланылуға берілген. Проблемалар, әрине, бар. Қазір мектеп шатырына күрделі жөндеу жүргізілуде. Енді мектеп аумағына да аббаттандыру жұмыстарын жүргізсе дейміз», - деді мектеп өкілдері.

Осы күні облыс әкімі № 29 мектепте болды. Мектеп басшылығы жылытуға қатысты және бірқатар шешілмеген мәселелер бар екенін атап өтті.

«Мектеп қабырғасының кей жерлерінде жарылған, тұрған ағаш бағаналар да  қатты алаңдатады», - деп айтып өтті білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко. Нұрлан Ұранхаев робототехника кабинетімен танысып, мемлекет басшысының техникалық білім беруді дамытудың маңыздылығы туралы бастамаларын еске салып өтті.

Жұмыс барысы соңында облыс басшысы Чернышевский атындағы орта мектепке барды. Облыс әкімі мектеппен танысып, профильді бөлімдер мен басқармаларға тиісті тапсырмалар берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar