
Нұрлан Уранхаев өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыру, жергілікті халықты жылумен қамтамасыз ету, ЖЭО-3, әлеуметтік нысандар, оның ішінде мектептер мен ауруханалар, сондай-ақ жолдар салу бойынша алдағы жұмыстар туралы айтып берді.
Оның айтуынша, басым міндеттердің бірі – облыстың инфрақұрылымын қалпына келтіру.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді қалпына келтіру және дамыту мәселелерін жүйелі шешуді тапсырды.