USD488.11EUR530.09RUB5.01

Қала әкімі Бақытжан Байахметов Приречный ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

22 маусым 2022, 13:53
Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Приречный ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Мұнда Приречное және Гранитное ауылдарында 1 305 адам тұрады.
Қала әкімі Бақытжан Байахметов Приречный ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

3 жыл ішінде округті дамытуға 215,35 млн.теңге бөлінді. Қаражат Мұздыбай және Гранитное ауылдарындағы футбол алаңын абаттандыруға бағытталды. Приречное ауылындағы көше жарығының құрылысы жүргізілді. Шөптіқақ ауылында блокты-модульді станция орнатылды. Приречное ауылының жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Гранитное ауылында су құбыры желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірленді.

Сондай-ақ, автобус аялдамасын ағымдағы жөндеуге, Жарқын орта мектебінің ғимаратының шатырын ағымдағы жөндеуге және Приречный орта мектебінің жылу жүйесін ағымдағы жөндеуге қаражат бөлінді. «AKSHAULI» жеке кәсіпкерлігімен Жарқын ауылындағы көшелерді жарықтандыруды ағымдағы жөндеуге шарт жасалды.

Приречное ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжат әзірлеуге қаражат бөлу жоспарлануда. Шарт «Redline Pro» ЖШС - мен жасалды. Сондай-ақ, Жарқын ауылындағы кірме жолды орташа жөндеу жоспарлануда. Гранитное ауылында су құбыры желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірленуде және алдағы уақытта Приречное ауылының мәдениет үйін қайта жаңарту жоспарлануда.

Жалпы, 2025 жылға дейін округті дамытуға 1 163 млн.теңге бөлінеді.  Қала әкімімен өткен ағымдағы жылдың наурыз айындағы есеп беру кездесуінде округ тұрғындарымен бірқатар мәселелер айтылды. Басты мәселелердің бірі - Жарқын ауылында жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі.  Приречный ауылдық округінде 33 362 га елді мекен жерлері бар, оның ішінде Жарқын ауылының жерлері - 11 837 га.бұл жерлер халықтың мал жаю үшін пайдаланылады. Ауыл маңында мал жаю үшін жеткілікті жайылымдық жерлер бар.

Бақытжан Байахметовтың тапсырмасы бойынша жер қатынастары бөлімі ауыл шаруашылығы бөлімімен, Приречный ауылдық округінің әкімімен бірлесіп Жарқын ауылының тұрғындарымен жиналыстар өткізді.

Кездесу барысында картада тұрғындарға мал жаюға арналған жерлер ұсынылды және мал жаю ережелері бойынша түсініктемелер берілді. Бүгінгі таңда бұл мәселе шешілді. Мұздыбай, Гранитное, Жарқын ауылдарындағы ұялы байланыс мәселесін шешуді сұрады. Мұздыбай ауылында 12 Мбит/с, Жарқын ауылында - Beeline – 2G, Гранитное ауылында - Beeline – 2G, Kcell-2G бар. Теле 2, Beeline компаниялары бірлесіп 2022 - 2023 жылдары жаңа позиция салу мүмкіндігін қарастырады.

Сондай-ақ, тұрғындар Семей қаласы мен Приречное, Гранитное, Мұздыбай ауылдары арасындағы автобус маршруты мәселесін шешуді сұрады. Жолаушылар мен жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларының 18 – тармағына сәйкес, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жұмыс істеп тұрған тасымалдаушыларға тасымалдау көлемін зерделеу үшін «Семей қаласы – Приречное ауылы - Гранитное ауылы - Мұздыбай ауылы - Бұлақ ауылы – Новобаженово ауылы - Баженово ауылы - Шүлбі кенті» (67,6 км) маршрутына қызмет көрсетуді ұсынды. Тасымалдаушы бұл маршрутқа 2 ай қызмет көрсететін болады.

Зерттеу қорытындысы бойынша күнтізбелік 10 күн ішінде маршрутты ашу немесе ашпау туралы шешім қабылданады. Ашылған жағдайда осы қағидалардың 154-тармағына сәйкес осы маршрутқа қызмет көрсету құқығына тиісті конкурс өткізу бойынша жұмыс ұйымдастырылатын болады.

Тұрғындар Жарқын ауылына кіреберіс жолды (7 км.) жөндеуді сұрады, жалпы құны - 209 438,2 мың теңге. Қазіргі уақытта конкурс аяқталды, жұмыстар алдағы аптада басталады. Тұрғындар Жарқын ауылын көгалдандыру үшін ағаш көшеттерін алуға көмек сұрады. Ауылдық округ әкімдігімен көшеттерге қажеттілік бойынша тұрғын-үй шаруашылық бөліміне (230 дана) өтінім жолданды.

Жарқын ауылының тұрғындарын Семей қаласындағы емханаға бекіту мәселесін пысықтауды сұрады. Жарқын ауылының тұрғындары Приречное ауылының дәрігерлік амбулаториясына тіркелген. Медициналық көмекті медициналық пункттің фельдшері және кесте бойынша дәрігерлік амбулаторияның дәрігерлері көрсетеді. Дәрігерлердің жолдамасы бойынша пациенттер қалалық клиникаларға, қажетті мамандарға кеңес алуға жіберіледі. Бұдан басқа жылжымалы мобильді кешен бригадалары тексеру және флюорография жүргізеді. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту бір әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, кент, қала және т.б.) шегінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.

Жарқын ауылының тұрғындары өздері таңдаған қалалық емханаға әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2022 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін (өз бетінше жүгінген кезде немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы («Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызметі) тіркелу науқанын өткізу кезеңінде тіркеле алады. Жарқын ауылының тұрғындары кентішілік жолдарды жөндеу мәселесін шешуді сұрады. Бүгінгі күні ауылдық округ әкімдігімен Жарқын ауылының ішкі жолын грейдерлеуге 1,4 млн. теңгеге сметалық есеп дайындалды. Мәселе одан әрі пысықталатын болады.

Семей қаласындағы Жарқын ауылының тұрғындарына ветеринариялық анықтама беру мәселесін пысықтауды сұрады. Мәселе шешілді: Жарқын ауылының тұрғындарына ветеринарлық анықтама беру Приречный ауылдық округінің ветеринарлық пункт меңгерушісі Г. Кабдолдановқа жүктелді.

Жарқын ауылының тұрғындары мал жаю ұйымдастырылатын жайылымдық жерлердегі құдықтардың жетіспеушілігі туралы баяндады. Бұл ауылдың арнайы жер қорында 4 400 гектар бос жайылымдық жер бар. Жайылымдық жерлерге құдықтар орнату ауыл шаруашылығы-өндірістік кооперативі құрылған жағдайда жүзеге асырылады, ауылдық округ әкімі Жарқын ауылының тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта Жарқын ауылында ауыл шаруашылығы-өндірістік кооперативін ұйымдастырғысы келетіндер жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Қысқы уақытта Мұздыбай ауылына кіре берістегі жол қармен жабылып қалады, тұрғындар бұл мәселені де көтерді.  Мұздыбай ауылында қар ұстау қондырғысына 5,1 млн. теңгенің сметалық құжат бар. Сұрақ қарастырылу барысында.

Ал Приречное ауылындағы Октябрьская көшесіндегі орталық сумен жабдықтау жүйесіне келер болсақ, 2022 жылы Октябрьская көшесін қамтумен Приречное ауылының су тарту құрылысы мен су құбыры желілерін қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжат әзірлеудің басына 1 млн. теңге бөлінді. 12.05.2022 ж. «Redlene Pro» ЖШС-мен 16,2 млн. теңгеге шарт жасалды. Аяқталу мерзімі 2022 жылғы қазан айы деп күтілуде.

Приречное ауылында орталықтандырылған қоқыс шығаруды ұйымдастыруды сұрады. 2021 жылы ұйымдастырылмаған үйінділерді шығаруға 3,2 млн.теңге бөлінді. Бюджетті нақтылау барысында 2022 жылдың мамыр айында Приречное ауылында қоқыс шығаруға 1,4 млн.теңге бөлінді. Жақында конкурс жарияланды.

Қала әкімі мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Приреченое ауылдық округі әкімдігінің бас мамандары Кулжабаева Назым Сейтековна мен Кұрманов Мағжан Мағауияұлына құрмет грамоталарын тапсырды.

Жеке қабылдауға көпбалалы ана Майгүл Өмірбекова жүгінді. Ол тұрғын үй кезегінде тұр. Бірақ ол жақын арада баспана ала алмайтындықтан, оған қала ішінде жер учаскесі ұсынылды. Келісімге қол жеткізілді. Сания Ахметова  - екі мүгедек баланың анасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға көмек көрсетуді сұрады. Бақытжан Байахметов тұрғын үй инспекциясы бөліміне кеңес беруді және құжаттарды жинауға көмектесуді тапсырды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar