USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Шүлбі кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді

22 маусым 2022, 13:33
Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Шүлбі кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Мұнда 183 жеке меншік және 1382 пәтерлік 12 көп қабатты үйде 3 мыңнан астам адам тұрады.
Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Шүлбі кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді

3 жыл ішінде округті дамытуға 206,5 млн.теңге бағытталды. Аталмыш қаражатқа Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен тыл еңбеккерлерінің құрметіне стелла орнату, әкімдік ғимараты мен мәдениет үйін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, «Шүлбі дәрігерлік амбулаториясы» ШЖҚ КМК күрделі жөндеуге және Шүлбі дәрігерлік амбулаториясы үшін гематологиялық автоматты талдағышты сатып алуға жобалық сметалық құжатты әзірлеу сияқты жұмыстар атқарылды.

Саябақтағы сахна мен әкімдік ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Шүлбі дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының шатырын күрделі жөндеуге конкурс өткізілуде.

Жақында «Ертегі қалашығын» ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге шарт жасалды.

Сонымен қатар, биыл РК-2 қазандығын ағымдағы жөндеу жұмыстары басталады.

Жалпы, округтің 2025 жылға дейінгі даму перспективасына 310,5 млн. теңге бөлінеді.

Бұл қаражат көпфункционалды спорт кешенін салуға және саябақта спорт алаңын орнатуға бағытталатын болады. Сондай-ақ, Шүлбі кентінің жолдары жөнделеді.

Өткен кездесуде тұрғындар қала әкімінен Халық банкі филиалының кенттегі бөлімшесінің алдағы жұмысына үлес қосуды сұрады. Банк басшылығы шығындалуына байланысты осы бөлімшені жабуды жоспарлады. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде мынадай шешім қабылданды: барлық банк операцияларын жүзеге асыру Halyk HomeBank мобильді қосымшасында қолжетімді деп танылды. Мысалы, карталар мен депозиттер ашу, төлемдер мен аударымдар жүргізу, кредиттер және мемлекеттік қызметтер алу. Барлық қызметтер онлайн режиміне ауыстырылды. Қолма-қол операцияларды жүзеге асыру үшін банктің екі банкоматы жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, тұрғындар Бақытжан Байахметовтан бұрылыстан өрт сөндіру бөліміне дейін жол учаскесін жарықтандыруды сұрады. 2022 жылы көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту аясында тұрғын үй-коммуналдық қызметтер - шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру, сондай-ақ жаңа оқшауланған сым - кабельді орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Техникалық шарттар алынды. Сметалық есеп пен құжаттар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырылды. Көшені жарықтандыру бойынша байқау ағымдағы жылдың шілде айында өтеді деп күтілуде.

2022 жылы кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеуге 2,5 млн.теңге бөлінді. Жұмыстар шілде айында жүргізіледі. Сондай-ақ, Гидроқұрылысшылар кентіндегі көшелерді орташа жөндеуге бюджеттік өтінім берілетін болады.

Тұрғындар қала басшысынан кенттегі мешіттің құрылысын аяқтау үшін демеушілік көмек көрсету мәселесін шешуді сұрады. Қазіргі уақытта мешіт құрылысы тұрғындар мен жастардың күшімен жүргізілуде. Қалалық мәслихат депутаттары мүмкіндігінше қажетті құрылыс материалдарын ұсынуға жәрдем көрсетеді.

Гидроқұрылысшылар кентін жылу желілерін қайта құру арқылы орталық жылуға қосуға келер болсақ, кенттің барлық тұрғындары орталық жылуға қосылуға оң көзқараспен қарамайды. ТҮКШ бөлімімен жылу тас жолын салу мүмкіндігі қарастырылуда.  Ол үшін тұрғындар арасында жазбаша әлеуметтік сауалнама жүргізіледі.

Кездесуде тұрғындар Семей қаласының әкімінен аулаішілік жолдарды жөндеуге ақша бөлуді сұрады. Шүлбіде  бірнеше ондаған аула бар. Бұл мәселе таяудағы бюджетті түзету кезінде қаралатындығы, аталмыш мәселеге кешенді қарау, қажетті құжаттаманы дайындау, әрбір ауланы абаттандыру құнын есептеу маңызды екендігі айтылды.

Сонымен қатар, тұрғындар  зиратқа жол салуды сұрады. Мәселе демеушілік көмек есебінен алдағы уақытта шешілетін болады.

Кездесуде тұрғындар қала басшысына ауыл ішінде және демалыс аймағында тазалықтың жоқтығына шағымданды. Кент әкімінің айтуынша, жылына кемінде төрт рет іргелес аумақты тазалау бойынша ауқымды рейдтер жүргізіледі. Бұл жұмысты күшейту қажет екендігі туралы айтылды.

Тұрғындар бос тұрған ғимараттарды сақтау мәселелерін көтерді. Бақытжан Байахметов  кент әкімдігі мен сәулет бөліміне ғимараттарды заңсыз бұзу фактілерінің жолын кесуді тапсырды. Оларды сатып алып, кірпіш сататындардың барлығында рұқсат құжаттары болуы керек. Бөлшектеу аяқталғаннан кейін қоқыс пен құрылыс қалдықтары қалмауы керек.

«Жылыту маусымына дайындыққа көп көңіл бөлінеді. Қыста адамдар жылу мен ыстық сусыз қалмауы маңызды», - деді Бақытжан Байахметов.

Кездесуден кейін қала әкімі «Психиатриялық аурухана» және РК-2 қазандықтарының жөнделуін қарап шықты. «Психиатриялық аурухана» қазандығына котедж үйлері жатады, онда 591,341 мың теңге сомасына өз күштерімен жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қаражат КСТ-0,7 СТ. №1 қазандығын жөндеуге, КСТ-0,7 ст. №2 қазандығын қаптауды жөндеуге бағытталды. РК-2 қазандығына Шүлбі кентінің барлық тұрғын үйлері мен мекемелері жатады.  Мұнда да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 15 тамыз айы деп күтілуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar