Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Мал ұрлығына көрші шаруашылықтың 54 жастағы қызметкері қатысты екені белгілі болды, ол жауап алу кезінде кінәсін мойындады.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі