Сол түні сағат 23:30 шамасында көшелерді патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 37 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы «ВАЗ-21144» көлігін тоқтатты. Тәртіп сақшылары қаланы аралап шыққан ер адамның 2021 жылдың наурызынан бастап сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғанын және ол жеті жылдан кейін ғана көлік жүргізе алатынын анықтады.
Сонымен қатар, куәландыруға сәйкес, жүргізуші «орташа дәрежеде» алкогольдік мас күйінде болған. Автокөлік арнайы тұраққа, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 346-бабы 1-бөлігі – «көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Жыл басынан бері шығысқазақстандық полицейлер жүргізуші куәлігінен айырылған 67 мас жүргізушіні ұстады, олардың 60-ы қамауға алынды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі