Іс-шараның негізгі мақсаты – демалыс күндері балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын және ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастыру және есірткіге қарсы иммунитетті тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жекпе-жектегі шеберліктерін көрсетуге 30-дан астам жігіт келсе, спорттық жасөспірімдер арасынан төрешілер де іріктеліп, турнир барысында әр боксшыға баға беруде кәсібилік пен шынайылық танытты.
Жас боксшылар кәсіпқой боксшыларға тән тамаша техникалық және тактикалық дайындықтарын көрсетіп, жекпе-жектегі қиын жағдайлардан ептілікпен шықты. Олар мықты мінез, жеңіске деген жігер танытты.
Турнир нәтижесінде қатысушылар Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының атынан мақтау қағаздарымен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан өлшеусіз үлесі үшін «Абылай» бокс клубына бокс грушасы табыс етілді.
Боксқа құмар көптеген жігіттер үшін бұл жарыстар болашақта бағалы жүлде алу үшін тәжірибе жинақтаудың маңызды кезеңіне айналды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі