USD474.83EUR515.38RUB5.5

«Балалар біздің қарауымызда» іс-шарасы өтті

13 маусым 2022, 11:22
Мемлекет басшысы биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі.
«Балалар біздің қарауымызда» іс-шарасы өтті

Осыған орай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Семей гарнизонында әскери қызметшілердің балаларына арнап, «Балалар біздің қарауымызда» атты жазғы демалыс кезіндегі жазатайым жағдайлардың алдын-алу сабағын өткізді.

Аталған шараны өткізуге жол-патрульдік қызметі, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы және әскери госпиталдің медицина қызметкерлері шақырылды.

Ұл-қыздарға жолда жүру ережелері мен өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек көрсету туралы айтылды. Іс жүзінде көшені кесіп өту тәртібі, суға батып бара жатқан адамды құтқару, өрт сөндіргіштерді қолдану арқылы өртті сөндіру бойынша түрлі іс-шаралар пысықталды.

– Өскелең ұрпақтың арасында жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектескені үшін полиция департаменті, төтенше жағдайлар басқармасы өкілдеріне және медицина қызметкерлеріне алғыс айтамыз, – дейді әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс істеу қызметінің нұсқаушысы Ақмарал Ахметжанова.

Шара соңында балаларға арналған викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Сабаққа қатысқан балалардың бәріне тәтті сыйлықтар үлестіріліп, аулада би билеп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

 

Семей гарнизонының баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar