USD484.37EUR531.06RUB5.05

Семейде баланың аурын жазамын деп уәде берген емші ұсталды

03 маусым 2022, 12:34
Семей тұрғыны ауруды дәстүрлі емес медицина арқылы жеңуге тырысып, алаяққа алданды.
Семейде баланың аурын жазамын деп уәде берген емші ұсталды

Ағымдағы жылдың мамыр айының басында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ «102» жедел арнасына 42 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол 2017 жылдың көктемінде белгісіз әйел қызының аурудан жазамын деп уәде беріп, оның 210 000 теңге көлемінде ақша қаражатын иемденгенін айтқан.

Жәбірленуші, қаскөйдің «емдейтін қасиеті» барын ести сала, баласын тері ауруынан жазып шықпақ болып, оған жүгінген. Алайда, емнің нәтиже бермегенін көріп, полицияға арыз жазған.

Құқық қорғау органдары дереу қылмысты ашуға бағытталған шараларды қабылдау нәтижесінде 61 жастағы күдікті ұсталды. Жауап алу кезінде ұсталған әйел өз кінәсін мойындады.Қазіргі уақытта оған қатысты келу міндеттемесі түрінде қылмыстық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

 

ФОТО: kurieronline.ru

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar