Полицейлер әжейдің 7 және 6 жастағы немерелерімен үйдің ауласына серуенге шыққанын білді, біраз уақыт немерелерін қараусыз қалдырған әжесі қыздардың ойын алаңынан жоғалып кеткенін байқамай қалған. Әйел балаларды іздеген, алайда өздігінен іздестіру оң нәтиже бермеген.
Полиция қызметкерлері әжесінің сүйемелдеуімен дереу сәбилерді іздей бастады. 15 минуттан кейін балалар басқа үйдің ауласынан табылды. Қыздардың айтуынша, олар басқа балалармен ойнап, әжесіне ескертпестен ойын алаңынан кетіп қалған.
Толқу мен уайымнан қарт әйел өзін нашар сезінгендіктен тәртіп сақшылары оған жедел жәрдем шақырды. Балалар аман-есен туыстарына тапсырылды.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және мұқият болуға, балалармен тұрақты негізде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі