USD449.3EUR489.69RUB4.89

Алғашқы қалалық сенбілік өтті

14 сәуір 2021, 11:33
Семей қаласында алғашқы қалалық сенбілік өтті. Жалпы халықтық сенбілікте аумақтар мен көшелерді қоқыстан тазарту үшін 30 техника жұмылдырылды.
Алғашқы қалалық сенбілік өтті

 «Бұл сенбілік «Тазалық айының» алғашқы бастамасы болып отыр. Сенбілікте ірі кәсіпкерлерден техника жағын ұйымдастыруда үлкен көмек болды. Айналамызға жауапкершілікпен қарап, әрбіреуіміз қоқыс тастаудан аулық болсақ, қаламыздың таза болары сөзсіз. Біз балаға тәрбие беруді өзімізден бастауымыз керек. Қаланы таза ұстау өз қолымызда. Сондықтан алдағы болатын қаланың сенбілігіне әрбіреуіңіз жауапкершілік танытып, атсалысуларыңызды сұраймын» - деді қала әкімі Нұрымбет Аманұлы.

Шараның басты мақсаты қоршаған ортаны күл-қоқыстан арылтып, қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттырып, шаһардың көркіне көрік қосу. Осындай игілікті іске жұмыла кіріскен түрлі кәсіпорын мен мекеме ұжымдары өздеріне тиесілі аумақты қоқыстан тазартты.

Сенбілікті серпінді өткізу үшін қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов та қолына күрек алып, барынша үлес қосты.

«Біз Семей қаласы аппараты ұжымы қала әкімі бастаған үндеуіне қосылып, жалпы қалалық сенбілікке шығып отырмыз. Бұл біркүндік акция емес, екі ай мөлшерінде әрбір сенбі сайын болып отыратын сенбілік болған соң осы шараға тек қана мемлекеттік, бюджеттік қана ұйымдар емес бүкіл семейлік тұрғындарды ат салысуға шақырамыз.» - деді Серік Дулатұлы.

Қалалық сенбіліктер барысында тек қаланың орталығына ғана емес шет жақтарына да ерекше назар аударылатын болады. Көпқабатты үйлердің аулалары мен жеке сектор аудандары да санитарлық-экологиялық іс-шаралардан шет қалмайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar