«Кикбоксинг спорты Семейде қарқынды дамып келеді. Шын мәнінде мұндай ауқымды шараны 2018 жылы қолға алдық. Біздің ойымыз жалпы осы қазақтың жігіттері әрі қарай бүкіл әлемге қазақ елінің көк Байрағын желбіретіп, Әнұранын орындата берсе дейміз. Сонымен қатар ауыл спортын да дамытып, Бесқарағай, Үржар, Тарбағатай, Аягөз тағы да басқа ауданның осы спорт түріне ұмтылған жастарына қолдау білдірсек деген де ниетіміз бар. Алға қойған мақсатымыз сол. Оған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат та қолдау білдіреді деген сенімдемін» - дейді Марат Серікжанұлы.
Спорттық шараның өтуіне «Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығы» да қолдау көрсетті. Оның құрамында олимпиадалық емес 25 спорт федерациясы бар. Басты мақсат қазақ спортының халықаралық аренадағы беделін көтеру.
«Бұл жарыстың бір ерекшелігі пандемиядан кейін өткендіктен дені – жастар. Қуантарлығы сол, жаста болса бұрыннан келе жатқан спортшыларымызды жеңіп, чемпион атанып жатыр. Яғни, қосымша күш бар деген сөз. Осындай спортшыларымыз көбейіп, әлемдік жарыстарда халқымыздың Байрағын көкке көтереріне сенімдіміз» - деді ҚР-ның кикбоксинг федерациясының президенті Тастанбек Есентаев.