Қаланың орталық бөлігіндегі Дулатов көшесіндегі жолдың сапасы да семейліктерді мезі етіп отырғаны шындық. Аталған көшеде сумен жабдықтау желілерін қайта құру жобасы жүргізілуде. Келісімшарт 2021 жылдың 1 маусымына дейін жасалған.
Ылғал мен қардың жылдам еруінің салдарынан жоласты топырақтардың шөгуі орын алуда. Аталған мәселені шешу мақсатында кепілдік міндеттемелерге сәйкес, жол үстін толтыру және грейдерлеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жолдың үстіңгі қабатын толық қалпына келтіру, келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр айында жүзеге асырылады. Бұл мәселе қатаң бақылауда.
Сонымен қатар, 2020 жылы Әуезов даңғылы бойындағы сумен жабдықтау желілерін қайта құру жобасын іске асыру бойынша жұмыстар басталған болатын. Сол себепті даңғылдағы жолдың жекелеген учаскелерінде асфальтталған жол жамылғысы бұзылған. Бұл өз кезегінде көлік құралдарының жүруіне қолайсыздық тудыруда. Қазіргі уақытта жолдың беткі қабатын толтыру жұмыстары басталды. Сонымен бірге, көктем, жаз мезгілінде кепілдік міндеттемелерге сәйкес асфальт бұзылған жерлерде жол жабыны қалпына келтірілу жұмыстары жүргізіледі.
«Кей жерлерде жаяу жүргіншілердің қозғалысын қиындатқан еріген судың жинақталуы мәселелері пысықталуда.
Өз кезегінде, туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді, сіздердің барлық сын-ескертпелеріңіз алдағы жұмысымызда ескерілетін болады» – дейді Нұрымбет Аманұлы.
13 қыркүйек 2024, 16:18
13 қыркүйек 2024, 11:34
13 қыркүйек 2024, 11:30
13 қыркүйек 2024, 11:28
13 қыркүйек 2024, 11:25
12 қыркүйек 2024, 11:37
12 қыркүйек 2024, 11:34
12 қыркүйек 2024, 10:53
12 қыркүйек 2024, 09:30
12 қыркүйек 2024, 09:26
10 қыркүйек 2024, 16:42
10 қыркүйек 2024, 16:39
10 қыркүйек 2024, 13:52
10 қыркүйек 2024, 13:49
27 тамыз 2024, 11:29
27 тамыз 2024, 11:24
22 тамыз 2024, 16:25
22 тамыз 2024, 16:20
20 тамыз 2024, 17:21