USD484.37EUR531.06RUB5.05

Д. Ахметов: «Жылуға қатысты олқылыққа жол бермейміз»

17 наурыз 2021, 11:25
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жақында Семей қаласына жұмыс сапарымен келді. Өңір басшысы сол жағалаудағы айналма жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі құрылысының жоспарымен, сондай-ақ жағалауды бекіту жұмыстарының барысымен танысып, жылумен жабдықтау нысандарын аралап, көпбалалы аналармен кездесті.
Д. Ахметов: «Жылуға қатысты олқылыққа жол бермейміз»

 Арнайы өткен алқалы жиын барысында қалада инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу және «Сергек» жүйесін енгізу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

– Семей қаласын одан әрі дамыту бойынша жұмысты қарқынды түрде жүзеге асыру қажет. Бұл алдымен цифрландыру және бақылаудың заманауи әдісін енгізу. Өткен жылы Өскемен қаласында «Сергек» жүйесі енгізілді. Бүгінгі таңда біз жақсы нәтижелерді көріп отырмыз. Биыл бақылаудың мұндай әдісі Семей қаласында да қолданылуы тиіс. Бұл үшін барлық ресурстар беріледі, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Айта кетейік, биылғы жылы Шақаман және Абыралы ауылдарында сумен жабдықтау желілерінің құрылысын бастау, сондай-ақ Клементьевка, Жазық ауылдарында блоктық-модульдік станцияларды орнату жоспарлануда. Қаладағы тоғыз су құбырын, атап айтқанда Березовский, Шаған, Восход, Бобровка, Шығыс кенттерін, «Зағиптар қоғамы», Красный Кордон аудандарын, Алматы, Әуежай – Аягөз көшелерін және Алғабас, Гранитное, Ақбұлақ, Половинка, Мұрат, Приречное ауылдарындағы су құбырларын салуға және реконструкциялауға ЖСҚ әзірленуде.

Облыс әкімі солтүстік және оңтүстік жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі жобасын мақұлдады.

- Жалпы, жоба маған ұнады. Бұл мешітке өту үшін ыңғайлы болады. Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі үшін 150 миллион теңге бөлуді тапсырамын, – деді өңір басшысы Даниал Ахметов.

Жалпы семейліктер үшін Бейбітшілік аралының, Мирный, Шығыс кенттері аумағындағы Ертіс өзенінің жағалауын нығайту маңызды жоба болып табылады. Жоба шеңберінде ені 9 метр болатын жаға бойындағы жоспарланбаған еңістерге және ені 1 метр болатын жоғарғы бөлігінің жиектеріне бетон плиталарын төсеу көзделеді. Беткейлерді жоспарлау кезінде қолданыстағы жағалау сызығы сақталады.

Аймақ басшысы «Теплокоммунэнерго» МКК орталығы мен 103-103А қазандықтарын аралады. Облыс әкімі «Орталық» қазандығына тағы бір қазандық салынатынын атап өтті.

- Қысқа мерзімде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және «Орталық» қазандығы үшін құрылысты бастау қажет. Орынбасарым Бақытжан Байахметовке осы тақырып бойынша 2 аптада бір рет жиналыс өткізуді тапсырамын. Біз бұдан былай жылумен қамтамасыз етуде мұндай олқылықтарға жол бермейміз деп сенемін, – деп атап өтті өңір басшысы.

Жұмыс сапарының соңында Даниал Ахметов алты баланың анасы Анар Сүлейменова басқаратын «Жанұя» отбасын қолдау орталығында болды. Орталықтағы көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасылар жанұя табысын арттыру үшін өз ісін дөңгелетуіне жол ашылатын мүмкіндіктер ойластырылып жатыр.

Осы тұрғыда Анар Сүлейменова орталықта 10 жұмыс орны құрылатынын, орташа жалақы шамамен 90 000 теңге болатындығын айтты.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar