USD483.23EUR534.74RUB5.12

Пара беретіндерге аяушылық болмайды

10 наурыз 2021, 14:39
Семейге ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет пен "Парасат жолы" республикалық орталығының басшысы Сәдібек Түгел жұмыс сапарымен келді.
Пара беретіндерге аяушылық болмайды

Олар 2019 жылы "Шығыс - адалдық алаңы" жобасы аясында ашылған әкімдіктің ақпараттық орталығының жұмысымен танысты. Мұнда дербес салалық бөлімдердің мамандары азаматтарды "бір терезе" қағидаты бойынша қабылдайды. Сонымен қатар, қала тұрғындары проблемалық мәселелер бойынша кеңес алып, өтініштер мен шағымдарға жауап ала алады. Күн сайын фронт-офис жүзге жуық келушілерге қызмет көрсетеді.

- Біз  қасиетті Семей жеріне келдік. Жұмыс сапарымыздың басты мақсаты - осы жерде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс барысымен танысу. Мұнда осы бағыттағы іс-қимыл бойынша көптеген жобалар іске асуда. Олардың бірі – "Шығыс – адалдық алаңы". Оның аясында фронт-офис жұмыс істейді. Мұнда қала тұрғындары  өтініштерін білдіріп, өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ауқымды ақпарат ала алады. Үлкен жұмыс жүргізіліп жатқаны көрініп тұр, - дейді "Парасат жолы" республикалық орталығының жетекшісі Садыбек Түгел.

Содай-ақ,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, оларға  жемқорлыққа қарсы жобалар туралы айтып, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарын атап өтті.

- Жазаны бірден қауіпсіздігі барынша төмен колонияда өтеу бірнеше рет жасалған парақорлыққа делдал болғаны үшін сотталған адамдарға, қылмыстық топқа я болмаса өзінің қызмет бабын пайдаланған адамға қолданылатын болады. Бас бостандығынан айыру мерзімдерін ұлғайтумен қатар, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін айыппұл мөлшері де өсті. Мысалы, енді 145 мың теңге көлемінде пара берушілер үшін айыппұлдың ең төменгі мөлшері 10 еседен 20 есеге дейін ұлғайтылды. Егер адам 100 мың теңге сомасында пара берсе, онда сот тағайындаған ең төменгі айыппұл 2 млн. теңге болады. Бұған дейін бұл айыппұл мөлшері 1 млн.теңгені құраған болатын, – деді ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет.

Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілерді өз жұмысына жауапкершілікпен қарау міндеттелді. Сонда-ақ, ШҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң дамуы атап өтілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

6 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar