«Мәслихат депуттарымен бірге «Суық бастау» (Холодный ключ) кентіне барып, қаланың шеткі аймақтарын дамыту бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстар барысын талқыладық. Биыл су желілерін тарту жұмыстарын бастау жоспарда бар, сонымен қатар аталған ауданның негізгі көшелерін жарықтандыру жүргізілетін болады.
Кент тұрғындары автобус бағытын ыңғайлау мәселесін көтерген болатын, сол себепті жауапты мекеме басшыларымен бірлесіп, аталған мәселені оңтайлы шешу жолдарын қарастыратын боламыз. Қоқыс мәселесі де басты назарда, ауа райы қолайлы болған уақыттан бастап, барлық жұмыстар тұрақты бақылауда болады» - деді Нұрымбет Сақтағанов өзінің Instagram парақшасында.