USD483.23EUR534.74RUB5.12

Пандемияға арналған көрме ашылды

24 ақпан 2021, 15:07
Семейде Невзоров атындағы музейде «Пандемиялық» көрме ашылды. Жергілікті суретші Виктор Шмидт көрермен назарына карантин тақырыбындағы туындыларын ұсынды.
Пандемияға арналған көрме ашылды

Автор қағаз бетіне түсірген терең ойлары арқылы қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерін жеткізуге тырысқан. Мысалы, бір қайықта отырған кейіпкерлер картинасы бәріміздің де бір жағдайға түскенімізді аңғартып тұрса керек. Қылқалам шебері бұл еңбектерін ватман, қатты қағазға, тіпті фанерге салған. Жалпы, көрмеге 50-ге жуық туынды қойылған.

Ильвира Халитова, музейдің ғылыми қызметкері:

 - Бір жұмысы мысалы карона-тәж. Айтайын деген ойы – осы каронавирустың келуі осы өмірде зұлымдық көбейді. Ең бірінші адамдар өз басындағы тәжін шешу керек. Яғни, мұндағы тәж дегеніміз тәкаппарлық, менмендік, өзімшілдік сондай керек жоқ зұлым қасиеттер. Тәжімізді басымыздан шешсек, мүмкін біздің өмірімізден осы коронавирус кетеді деген ойын айтып тұрғандай.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

6 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar