Кездесуі жексенбіге тап келгеніне қарамастан мәселесі шашетектен «РСУ-1» кентінің тұрғындарын алаңдатқан мәселелерге құлақ түріп, шешу жолдарын іздестіру үшін жергілікті халықпен кездесу өткізді. Кездесуде қала басшысы тұрғындарды абаттандырудың барлық өзекті проблемалары міндетті түрде шешілетініне сендірді.
-Есептік кездесу кезінде қала тұрғындарынан көптеген сұрақтар, ұсыныстар түсті. Қала аумағын толықтай аралап жүрміз. Арнайы қабылданған бағдарламамыз бар. Әсіресе, қаланың шеткі аудандарын дамыту, соның ішінде «РСУ-1», «Ақсай» кенттері бойынша басты мәселе - жарықтандыру. Тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесі де күн тәртібінде тұр. Абаттандыру, балалардың ойын алаңын салу, жол қатынасын жақсарту жайын осы арнайы қабылданған бағдарлама аясында жүйелі түрде шешілетін болады,-деді қала басшысы Нұрымбет Аманұлы.
Айта кетейік, Семей қаласының әкімі ауыл тұрғындарына бір мектеп және екі балабақша салуға уәде берді. Сондай-ақ, жақын арада мұнда балалар алаңдары да ел игілігіне берілмек. Өзге де қордаланған жайлардың бәрі алдағы бірнеше жылда рет-ретімен шешілетін болады.
Аида Ахметбек