USD483.23EUR534.74RUB5.12

Аспалы көпірде Абайдың әні орындалды

17 ақпан 2021, 12:01
Семейдегі биіктігі 115 метрлік аспалы көпірде Абайдың әні орындалды. Алматылық виолончелист Бағжан Октябрь өнерімен халықты тәнті етті.Қазақстандағы жалғыз, әлемдегі он жеті аспалы көпірдің бірі Семейде. Дәл осы аспалы көпірдің басында Абайдың танымал «Көзімнің қарасы» әнінің әуені ойналды.
Аспалы көпірде Абайдың әні орындалды

– Көпірдің үстіне шығып, қолыма виолончелімді алып, Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әуенін ойнаған кезде маған шыны керек бір шабыт келген сияқты болды. Анау биіктік маған биіктік сияқты болып көрінген жоқ, суықтығы сезілген жоқ. Солай бір керемет әсер болды, – дейді  Бағжан Октябрь.

Бұл видеоролик Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы мен Семейдің туризмді дамыту секторының мамандарының ұйымдастыруымен түсірілген екен.

«Біз әлеуметтік желілердегі бұндай жобалар Қазақстан азаматтарын өз еліне саяхаттауға және туған өлкелерін ашуға ынталандыратынына сенімдіміз, бұл әсіресе пандемия кезінде өзекті болып тұр. Біз осындай жобалардың арқасында Шығыс Қазақстанда туризм дамитынына сенеміз. Бағжан бірден осы жобаға қатысуға келісті. Ол өзінің шығармашылық жолының басында виолончельде қазақ әндерін ойнауды және музыкаға жаңа тыныс беруді мақсат еткенін айтты. Ол өте керемет орындап шықты», – дейді ШҚО туристік ақпараттық орталығының директоры Татьяна Исенева.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

5 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar