USD483.23EUR534.74RUB5.12

Семейліктер бетперде киюге салғырт қарайды

10 ақпан 2021, 12:27
Күн сайын Семейде бетперде режимін сақтау бойынша рейдтік жұмыстар қатаң түрде жүргізілуде. Полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бар мониторингтік топтар күн сайын санитарлық нормалардың бұзылмауын қадағалайды.
Семейліктер бетперде киюге салғырт қарайды

Рейдтік тексерулер қоғамдық көлікпен ғана шектелмей сауда орталықтарымен барлық жекеменшікменшік кәсіпорындар әрі мемлекеттік мекемелерде өтеді.

Мониторингтік топ мүшелерінің айтуынша, қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормаларды сақтамайды. Барлық ереже бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылады.

Мониторингтік топтар санитарлық нормалардың сақталуын мемлекеттік кірістер басқармасын да тексерді. Рейд барысында маска тағуды елемейтін басқарманың екі қызметкері анықталды.

 "Теплокоммунэнерго" МКК қызметкерлері де санитарлық ережеге бей-жай қарайтындығы байқалды, мониторинг топ үш тәртіп бұзушыны анықтады. Енді оларға айыппұл төлеуге тура келеді.

Әкімшілік істер кейіннен шешім шығару үшін ККБТУ басқармасына берілді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

5 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar