USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейде ажырасу мен банктік даулар азайған

10 ақпан 2021, 12:23
Семей қалалық сотында 2020 жылдың қалалық сот жүйесінің қорытындысы жайында баспасөз мәслихаты өтті. Сот төрағасы Нұржан Әбдікәрімов көптеген жаңалықтар және біршама іс-шаралар жайын ортаға салды.
Семейде ажырасу мен банктік даулар азайған

.  Жоғарғы сот төрағалығымен  2020 жыл «Коммуникация жылы» болып жарияланған екен. Бұның бір пайдасы, себебі десек те болады қазіргі уақытта азаматтарымыз заң жағынан көбі шорқақтау болғандықтан соттағы болып жатқан жұмыстарды халыққа жеткізіп, түсіндіруде маңызды рөл атқарған. Дегенмен, пандемия уақытына  және карантиндік шаралардың әлі де жалғасуына байланысты сот жүйесі онлайн түрде өтеді. 

Енгізілген карантиндік шектеулер мемлекеттік органдардың жұмысына әсер етіп, «Қашықтықтан жұмыс істеу»   жүйесіне көшуге байланысты біршама өзгерістер енгізілген. Бірақ, сот жүйесі бұл талапқа ертеден дайын болған.

 «2016 жылдан бастау алған  Сот құқықтық реформасының бір бағыты  «цифрландыру жүйесі» болғандықтан біз онлайн сот жүйесін өткізуге әзір болатынбыз. Сот процестерін онлайн өткізу,  процестік құжаттармен онлайн түрде танысуға мүмкіндік барын БАҚ өкілдері арқылы талай мәрте айтып, азаматтарымызды таныстырдық. «Сот кеңсесі» деп аталатын өзіміздің сервистік бағдарламамыз бар, сол арқылы, яғни, әрбір интернетке қолжетімділігі бар азаматтарымыз қосылуға мүмкіншілік алды.  Соның арқасында жаңа айтқанымдай сотқа қатысып, сот құжаттарымен онлайн түрде таныс бола алады»  - деді қалалық соттың  төрағасы Нұржан Абдикаримов.

2019-2020 жылы біршама пилоттық жобалар қатары  да жүзеге асырылған.

Еңбек, жанұя, сақтандыру шарттарынан және тағы да басқа мәселелерден туындайтын дауды бір тараптың ғана пайдасына шешкеннен бұрын бітімгерлікке шақырып, яғни, екі жақты татуластыруға баса мән беріледі.  2019 жылы Абай кітапханасының ішінен «Татуластыру орталығы», кейіннен АХАЖ бөлімінің  ішінен «Отбасыларды қолдау» бөлмесі ашылған.  Осындай бітімгерлікке келтіру мақсатында ашылған мұндай бөлімшелерде психолог мамандары мен заңгерлер түсіндірме жұмыстарын жасап екі тарапты татуластыруға тырысады. Соның негізінде мысалға,  2019 жылмен  салыстырғанда жанұя бұзу фактісі 12%-ға азайған. 

Бұл, әрине жақсы көрсеткіш деуге болады.  Одан бөлек басты проблемаға  айналған «Банктік даулар» мәселесін шешу жайы да қарастырылған. Жұмыссыздықтың белең алуына байланысты борышкерлер саны да көбейгені белгілі. Осындай дауды шешу негізінде «Банктік даулардың алдын алу» пилоттық бағдарламасы 2019 жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап  іске асырылған.  Биылғы жылмен салыстырғанда мұндай даулар 10%-ға азайған. Яғни, сот ісіне берілген банктік даулардың 62%-ы шешім шығарумен аяқталған. Ал бітімгерлікке келтіру 38%-ды құраған.

Тағы айта кетерлігі «Банк жүйесі  туралы заңға» «Банктік омбудсман инстититуты» ұғымы енгізілмек. Әзірше барлық республика бойынша бір ғана омбудсман анықталды. Әлі де ол жүйенің құқықтары мен әрекеттері шектеулі болып отыр.

Сот төрағасының айтуынша «Азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар азайып келеді. Оған заңдағы біраз өзгерістер септігін тигізді. 2019 жылы коммуналдық қызметтер, алимент, жалақы, қарыздарды өндіру сияқты бірқатар талаптар нотариустың қарауына өтті. Еңбек инспекторларына да осындай уәкілеттілік те беріліп отыр.

Судьялардың даулы істерді шешу процесін жеңілдету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізлуде. Нұржан Бейбітбекұлының айтуынша 2021 жыл «Болжамды әділет және сот төрелігі» жылы болып жарияланып отыр. БАҚ өкілдермен тығыз байланыста болу арқылы біршама сот ішіндегі жасалып жатқан жұмыстарды халықты құлағдар ету арқылы құқықтарын білуге және даулы мәселелерді азайтуға үлкен көмек тиетіндігін де атап өтті.

Айжан ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar