USD514.65EUR544.6RUB5.17

Вакцина салу Семейде де басталды

03 ақпан 2021, 10:41
Семей қаласының перинаталдық орталығының жансақтау бөлімінің қызметкерлері қауіпті инфекцияға қарсы алғашқы екпе алды.
Вакцина салу Семейде де басталды

Вакцина ерікті түрде жүзеге асады, яғни вирусқа қарсы болғандықтан вакцинацияланған адамдар басқаларға қауіп төндірмейді.

- Пандемия тез аяқталып, біз қалыпты өмір салтына оралу үшін вакцинациялау қажет. Мен барлығын вакцина алуға шақырамын, - дейді қалалық перинаталдық орталықтың қызметкері Іңкәр Шохатова.

Вакцина екі компоненттен тұрады. бірінші дозаны алғаннан кейін, екіншісін 21 күннен кейін алу керек. Егер алдағы үш аптада созылмалы аурулар өршіп кетпесе және денсаулық жағдайы нашарламаса, онда вакцинацияның екінші кезеңі болады.

Алғашқы екпені ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Думан Берікұлы алды.

- Семей қаласында алғашқылардың бірі болып осы вакцинаны өзім алдым. Менің қазіргі сезімім мен жалпы жағдайым өзгерген жоқ. Өзімді бұрынғыдай жақсы сезінемін. Емханада қызмет түрінің барлық жағдайы жасалған. Әрі қарай дәрігер сіздің жалпы жағдайыңызды бағалайды және сізге вакцинациялауға бола ма, жоқ па, соны шешеді", - деді Думан Берікұлы.

Семей қаласына барлығы 650 доза вакцина жеткізілген. Бір апта ішінде 215 адамды егу жоспарланып отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar