Жаңа ректорды университеттің ғылыми кеңес мүшелері мен оқытушылар құрамы қатысқан жиынға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов онлайн режим арқылы таныстырды.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков – білім беру саласының басқару саласында тәжірибесі мол білікті басшы. Осы оқу ордасының түлегі. Басшылық қызмет жолы төмендегідей:
2001-2004 жылдары М. Әуезов атындағы Семей университетінің сырттай факультетінің деканы.;
2004-2007 жылдары М. Әуезов атындағы Семей университеті филология факультетінің деканы;
2007-2008 жылдары М. Әуезов атындағы Семей университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры.;
2008-2009 жылдары М. Әуезов атындағы Семей университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры;
2009-2011 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институтының психология-педагогика факультетінің деканы.;
2011-2012 жылдары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі;
2012-2017 жылдары С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.;
2017 жылдың 18 наурызынан бастап Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры.
Филология ғылымдарының кандидаты (1999), доцент (2008), филология ғылымдарының докторы (2009), профессор (2011).