Мәселен, 2021 жылы Семейде идеологиялық тұрғыдан ескірген 20-дан астам көше аттары өзгертілмек.
Ресми мәліметке сүйенсек қаламызда 860-тан аса көше бар. Оның 116-сына қайраткер тұлғалардың аты берілсе, 69-ы жалпы атаумен қазақшаланған. Ал, тәуелсіздік жылдары 89 көше қайта аталған. Дегенмен қаладағы атауын өзгертуді қажет ететін көше жетерлік.
Тіл жанашыры Құсмілия Нұрқасымның айтуынша, рухани-мәдени қалада көше атауына қатысты мәселе сан мәрте көтерілген.
-Сол көшелердің аттарын қоярда ешкім халықтың пікірін сұрамады. Әлихан Бөкейхановқа берілген көше де Комсомол кентінің бір түкпірінде, ең шеткі көшеден берілген. Семейді Алаш қаласы дейміз. Барлық үлкен қалаларды, үлкен селоларды «Алаш» немесе «Алаш Орда» деп ең көрнекі көшелеріне ат беру туралы республикалық тіл комитетінің арнайы ұсынысы болған. Біз оған селт ете алмадық, орындата алғанымыз жоқ» -деді Құсмілия Нұрқасым.
Ал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандарының айтуы бойынша бұл бағыттағы жұмыстарда ең алдымен халықтың пікірі ескеріледі. Олардан түскен өтініштер қалалық ономастикалық бөлімінің отырысында қаралады.