USD444.22EUR476.38RUB4.82

Ахат Шәкәрімұлының шығармалары жарық көрді

27 қаңтар 2021, 12:06
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби- мемориалдық қорық-музейінде ұстаз, ақын Ахат Шәкәрімұлының шығармалар жинағы таныстырылды. Кітап ақынның зайыбы Бәтима Жәкенованың музейге тапсырған материалдары мен қордағы қолжазбалар негізінде жарық көріп отыр.
Ахат Шәкәрімұлының шығармалары жарық көрді

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын дәріптеуде музейдің 7 бағыттан тұратын ғылыми тұжырымдамасы дайындалған. Тұжырымдаманың бір бағыты - бойынша Абайға, ақын музейіне тікелей қатысы бар тұлғалардың мұрасын қорда бар деректермен толықтырып шығару және монографиялар мен ғылыми зерттеулер жазу болатын. Осы бағыт аясында Ахат Шәкәрімұлы шығармаларының бір томдық жинағы жарық көрді.

«Бізде 80 жылда жиналып қалған қорды ғылыми айналымға енгізу жұмысының алғашқысы. Биыл ол кісінің мерейтойы, 120 жылдығы болды. Ахат Шәкәрімұлының шығармаларына ешқашанда академиялық түсініктеме беріліп, алғыс сөз жазылып, кәдімгі редакциялық жұмыстар жүргізіліп, ол кісінің еңбегі жарық көрмеген. Сол міне, бірінші рет жарық көріп отыр. Біз үшін бұл үлкен жетістік» - дейді Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай.

  448 беттен тұратын жинаққа ақынның 166 өлеңі, бес поэмасы мен естеліктері енген. Кітап оның ерекшелігі әрбір өлең жыл және алфавит реті бойынша құрастаралған. Кітаптың соңында әрбір шығармаға түсініктеме берілген. Жинаққа енеген естеліктер мен поэма, өлеңдер музей қорынан алынған.

Музей мамандары болашақта Абайдың ақын шәкірті Көкбай Жанатайұлы мен азулы, кең құлашты эпик ақын атанған Шәкір Әбенұлының да кітаптарын шығаруды жоспарлап отыр.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar