USD484.37EUR531.06RUB5.05

Депутаттар неге тәртіпке бағынбаған?

20 қаңтар 2021, 13:59
Заң қараға да ханға да ортақ. Алайда, Семей қалалық мәслихатының депутаттары 7 шақырылымның алғашқы сессиясының отырысында маскасыз суретке түскен, деп хабарлайды Egemen.kz
Депутаттар неге тәртіпке бағынбаған?

Естеріңізде шығар, жуықта Зайсан, Аягөз аудандарында құқық қорғау қызметкерлері ай далада маскасыз жүрген тұрғындарға 41 мың теңгенің айыппұлын арқалатқан. Ал, маскасыз, ара қашықтықты сақтамай отырған депутаттарға қандай шара қолданылады? Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алгоритмге сәйкес полициядан рапорт түспесе, әкімшілік іс қаралмайды. Әзірше анықтау, тексеру жұмыстары жүріп жатқан көрінеді.  

Семей қалалық мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжаловтың әлеуметтік желілердегі, сайттардағы пікіріне сүйенсек, қалалық мәслихат депутаттары екі рет фотоға түсіпті. Біріншісінде бетпердемен екен. «Бұдан кейін депутаттар естелік үшін бетпердесіз суретке түсейік деді. Арамызда екі-үш дәрігерлер бар. Олар «Шамамен 30 секунд тынысымызды тартып, демалмай тұрайық, бізді тез суретке түсіріп алсын» деді. Мұнда тұрған не бар? Тек бетпердемізді шештік те, суретке түстік, бірден киіп алдық», дейді Б.Ақжалов.

Бұл жағдайға байланысты Семейдегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Берік Тілебалдин мұның дұрыс еместігін айтады.

– Іспен айналысып жатырмыз. Мәслихат хатшысы жауап беруі тиіс. Олар бетпердені тез шешіп, тез жөнінде репортаждар берген еді.

Қазір әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауымыз керек. Барлық жерде бетперде кию режимі, - деді Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Берік Тілебалдин.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar