USD422.87EUR503.38RUB5.6

«Банк омбудсманы» пилоттық жобасы әзірленді

23 желтоқсан 2019, 14:56
Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков «Банк омбудсман» жобасын жүзеге асыру тетігін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.
«Банк омбудсманы» пилоттық жобасы әзірленді

Талқылауға Жоғарғы Соттың судьясы Ұлбосын Сүлейменова, Банк Омбудсманы Ерсерік Сиырбаев, судьялар, банк филиалдарының басшылары мен заңгерлері, адвокаттар, сақтандыру компанияларының, коллекторлық агенттіктердің өкілдері және медиаторлар қатысты.

Н.Қайырбеков Сөйлеген сөзінде Қазақстанда аз ғана уақыт кезеңі ішінде өзінің тиімділігін көрсеткен сот жүйесін жаңғыртуды жүргізу, дауларды реттеудің жаңа институттарын енгізу, туралы атап өтті. Спикердің айтуынша, сақтандыруға қатысты даулар санын азайту мақсатында ағымдағы жылдың шілде айында өңірде "Сақтандыру омбудсмані" пилоттық жобасы іске қосылды. Осы жоба аясында, төрт айдың ішінде келіп түскен 25 дауды омбудсман тараптардың сотқа жүгінуінсіз шешті. Бітімгершілік рәсімдерді дамытудың перспективалық бағыты Банк омбудсманы болып табылады. Әлемдік тәжірибеде дау-дамайдың 80% омбудсманға шағым жіберу кезеңінде шешіледі. Қалған 20% жағдайда, егер қаржы ұйымы мен клиент келісе алмаса, онда дау сотта шешіледі. Статистика бойынша, азаматтық сот дауларының едәуір бөлігін (17,5%) қарыз алушылар мен кепілгерлер-жеке тұлғалардан кепілге салынған мүліктен өндіріп алу туралы талап-арыздар құрайды. Н.Қайырбеков банк омбудсманының мақсаты өзара тиімді шешім әзірлеу арқылы қарыз алушылар мен банктер арасындағы банктік қарыз шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді сотқа дейін реттеу деп атап өтті.

Ұ.Сүлейменова банк дауларын алдын алу туралы айта келе, осы дауларды шешуге қатысты бітімгершілік рәсімдерді дамытудың өзектілігі мен келешегін атап өтті. «Республика соттары өткен кезеңде банктік қарыз шарттарымен байланысты 88 мыңға жуық талап-арызды қарады, оның ішінде тараптардың татуласуы нәтижесінде 4 700 іс тоқтатылды. Яғни бұл істерді сотқа жүгінбестен сотқа дейінгі тәртіппен шешілуі мүмкін болатын. Шығыс Қазақстан облысының судьяларында Сақтандыру омбудсмені институтын енгізу бойынша жағымды жұмыс тәжірибесі бар. Банк омбудсманының жұмысы перспективалы және алдағы уақытта өзінің тиімділігін көрсетеді», - деп есептейді Ұ.Сүлейменова.

Банк омбудсманы Е. Сиырбаев өз қызметі туралы ақпаратты таныстырды. Ол жүргізілген іс - шаралар, сондай-ақ 2019 жылы банктік қызметке қатысты даулар бойынша 2 758 өтініш және ипотекалық қарыздар бойынша 1 651 өтініш келіп түскені туралы айтып берді.

Облыстық соттың судьясы Ғабдулхай Ситдиков банктік даулар бойынша сот тәжірибесі туралы сөз сөйледі. Оның пікірінше, қарыз алушылардың берешек сомасымен келіспеуі көбінесе банк жүргізген берешек есебін түсінбеуге негізделген. Спикер осыған байланысты қарыз алушылардың банктік қарыз шарттарының талаптары бойынша банктердің түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ келіспеушіліктерді реттеу үшін банк омбудсменіне жүгіну құқықтарын күшейту қажет екенін атап өтті.
"Дөңгелек үстелге" қатысушылар банк омбудсманын тарта отырып, банк дауларын сотқа дейін реттеу бойынша іс-қимылдар алгоритмін, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірледі.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының 
баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar