Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық сырқаттанушылықты және инфекцияның репродуктивтілігінің біріктірілген көрсеткішін ескере отырып, 4 қаңтардан бастап Семей қаласы «сары аймаққа» кіргенін мәлімдеді.
"Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметіне қарағанда, 100 мың тұрғынға шаққандағы апта ішіндегі ауырғандар саны және инфекция репродуктивлігінің біріктірілген көрсеткішін (R) есепке ала отырып, ШҚО эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес, Семей қаласы COVID-19 таралу деңгейі бойынша "сары" аймаққа енді", - делінген Семей әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасында.