USD514.65EUR544.6RUB5.17

Қайым ғалымның аты өлмейді

06 қаңтар 2021, 14:50
5 қаңтар – белгілі абайтанушы-ғалым, қайраткер Қайым Мұхамедхановтың туған күні. Қазақ әдебиетінде абайтанудың негізін салған ғалымның туғанына 105 жыл толуына орай қаламыздың облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ғалым. Қайраткер. Тұлға» атты көрме ашылды.
Қайым ғалымның аты өлмейді

Көрмеде ғалымның еңбектері мен қолжазбалары, оның дәптерлері, абайтануды, шәкәрімтануды, алаштануды қалыптастырудың қиын жолдары суреттелген хаттар мен мұрағаттық анықтамалар орын алған. Құнды жәдігерлердің қатарында – музей қорындағы ғалымның жеке заттары, киімдері мен фотосуреттері. Көрмеге музей қорынан жалпы саны 50 шақты жәдігер қойылды. Көрменің басты мақсаты – көпшілікке Қайым Мұхамедхановтың шығармашылық мұрасы мен абайтану, алаштану және өлкетану ісіне қосқан зор үлесін насихаттау, өскелең ұрпаққа дәріптеу.

Көрмеде ғалымның тағдыры туралы деректі фильмдер көрсетілді. Шара барысында ақын, композитор Құсмілия Нұрқасым ән-шашу арнады.

Бүгінде елдегі санитарлық талаптарға байланысты көрмеге келушілердің санында шектеу бар. Яғни адам саны 10-нан аспауы қажет. Ал келіп тамашалай алуға мүмкіндігі жоқ азаматтар әлеуметтік желі арқылы көрермен онлайн таныса алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar