USD474.83EUR515.38RUB5.5

Жемқорлардан келген шығын

23 желтоқсан 2019, 11:54
Облысқа он бір айдың ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан 400 млн. теңгеден астам шығын келген.
Жемқорлардан келген шығын

Бұл жайында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Ерлан Жалмағамбет мәлім етті.

Ағымдағы жылдың он бір айында 11 лауазымды тұлға қызметінен босатылған. Бес шенеунік мемлекеттік функцияларды орындаудан шеттетілсе, он мемлекеттік қызметші қызметіне толық сәйкес келмейді деп танылды. 40 тұлға қатаң сөгісті арқаласа, 46 қызметкерке сөгіс жарияланған. 130 мемлекеттік қызметші жеке жауапкершілікке тартылыпты.

- Лауазымды тұлғалар тарапынан жиі орын алған заңсыздықтарға келсек, бұл - бағынышты қызметкерді жеке шаруасына жұмсау, сыйлық алу. Сый-сияпат көрсету параға жатпағанымен, жемқорлыққа қолайлы жағдай туғызады, - дейді облыстың сыбайлас жемқорлықпен басты күрескері.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіретін фактілер де тіркеліпті. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Қуанышпеков жұмыс орнында қоластындағы қызметкерлерімен спиртті ішімдік ішкені үшін жұмыстан қуылды. Бұған дейін осы департаменттің басшысы Сүлейменов пара алып жатқан жерінде қолға түскені белгілі.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar