Бүгінде «Ислам нұры» облыстық діни-танымдық газеті аймақтың түпкір-түкпіріне айына 2 мәрте 8000-нан аса тиражбен тарайды. Басылым беттерінде әр оқырман ұлтымыздың салт-дәстүрлерін танып, көңілге қонымды, ойға тұшымды әңгімелермен сусындай алады. Және діни-танымдық газет халықтың жат ағымның жетегінде кетпеу үшін тексерілген уағыздарды үнемі жариялап отырады. Басылымның бас редакторы Дәулет Рамазанұлының айтуынша, газеттің аудиториясын жастар да, қарттар да құрайды. Ал олардың басым көпшілігі ауыл адамдары.
Шараға ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Мұқанов та қатысты. Және газеттің 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, табыстар тіледі. Айта кетейік, 20 жылдың ішінде «Ислам нұры» облыстық діни-танымдық газетінің 480 саны 2 жарым млн. таралымымен оқырман назарына жол тартқан.