Лиат Вексельманның сапарының басты мақсаты аутизм сырқатына ұшыраған балаларға планшет тапсыру болғандықтан, мектептің осындай ерекшелігі бар балалармен жұмыс істеу принциптерімен, сыныптардағы заманауи жабдықтармен танысып, бірқатар жұмыстардың атқарылып жатқандығына көз жеткізді.
№17 мектепте инклюзияны қолдау бөлмесі бар. Мұнда аутизммен ауыратын балалармен жүйелі сабақтарда оқуға дайын болу үшін тәжірибелі психологтар айналысады. Лиат Вексельман ханым мектеп әкімшілігіне аз қамтылған отбасылардың оқушылары мен ерекше балаларға арналған планшеттер сыйлады.
- Бұл жоба біз үшін өте маңызды және құнды екенін атап өткім келеді. Біріншіден, мен елшілік тек үлкен қалалар мен астаналарда жұмыс істемеуі керек, сонымен қатар саяхаттауы, адамдармен және жобалармен танысуы керек деп санаймын. Өйткені, барлық жерде қызығушылық бар, қажеттіліктер бар. Қазіргі кезде сыныптардың көпшілігі қашықтықтан оқытылуда, және ата-аналар да барлығы бірдей баласына телефон немесе компьютер сатып алуға мүмкіндігі бола бермейді. Бала қалай оқуы керек? Ал егер, мысалы, отбасында бірнеше бала болса, сабаққа кім қатысады, кімнің сабағы маңызды, қалай таңдау керек? Бұл өте қиын. Сондықтан біз білім бөлімінен Израильдің Қазақстандағы елшілігінің планшеттерін мұқтаж жандарға таратуды сұрадық, - деді Израильдің Қазақстандағы елшісі Л. Вексельман.
Білім беру мекемесіне сыйға тартылған 20 планшеттің 9-ы инклюзивті қолдау орталығының балаларына арналған. Қалған 11-ін әлеуметтік осал отбасылардың балалары алады.
Сонымен қатар, Израиль елшісі Семейде аутизммен ауыратын балаларға арналған сенсорлық бөлменің ашылуына қатысты.