USD491.7EUR531.28RUB5.07

Балалар президент марапатының қуанышына кенелді

30 желтоқсан 2020, 15:22
Жаңа жыл – барлық бала асыға күтетін мереке. Жаңа жыл қарсаңында балалар үшін мереке ұйымдастырып, Қазақстан Республикасының Президенті мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі атынан сыйлықтар тарту ету дәстүрге айналды.
Балалар президент марапатының қуанышына кенелді

2020 жылғы жаңажылдық шыршаларға 9 жастан 13 жасқа дейінгі жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, мүгедектер, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар қатарынан 345 бала қатысты.

Өңірде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ағымдағы жылы жаңажылдық шыршалар балаларды жаңажылдық құттықтау форматында сыйлықтар табыстаумен өткізілді. Ағымдағы жылы мерекелеудің тақырыбын «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» деп аталды.

Балаларды Жаңа жылмен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың атынан облыс әкімі Д. Ахметов құттықтады.

- Балалар, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, сіздер жыл бойы конкурстарға, олимпиадаларға, жарыстарға белсенді қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанғандарыңызға өте қуаныштымын. Қазіргі заманда сіздер жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, өзін-өзі жетілдіруге және жетістікке бағытталған тұлға болуларыңыз керек. Лайықты білім алу үшін, біз сіздерге жақсы жағдай жасауға тырысамыз, – деді Даниал Кенжетайұлы.

Балаларға жаңажылдық сыйлықтар дайындалды, шырша мерекесінің  қатысушылары ноутбук пен жаңа жылдық сыйлық қорапшасын алды.

 Балаларға жаңажылдық сыйлықтарды Аяз Ата мен Ақшақардың дербес жеткізуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен облыс әкімінің атынан сыйлықты салтанатты табыстау 2020 жылғы 24 желтоқсанда қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar