USD523.58EUR549.71RUB5.01

Заңсыз саудаға жол жоқ

23 желтоқсан 2020, 16:47
Қаламызда жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Семей қаласы Төтенше Жағдайлар Басқармасының қызметкерлері мен полиция басқармасы базарлар мен дүкендерде заңсыз сатылып жатқан жасанды отшашуларды анықтап, қауіпсіздіктің алдын алуда.
Заңсыз саудаға жол жоқ

Үш күннен бері полиция қызметкерлері дүкендер мен базарларды аралап жүр. Олар  пиротехникалық бұйымдарды рұқсат қағазынсыз сатқандарды анықтап, екі саудагердің заңсыз тауарларын  тәркіледі. Мақсат тұрғындардың  Жаңа жылды қауіпсіз қарсы алулары үшін жағдай жасау,  жасанды отшашудан зардап шегуді болдырмау. Ең таңқаларлығы кейбір саудагерлер отшашулардың сатылымға шығарылуы тікелей заңмен бақыланытыны туралы айтарлық хабардар емес.

Жаңа жыл кешінде жасанды отшашулардан әсіресе балалар зардап шегеді.  Сондықтан, пиротехникалық тауарды сатып алмас бұрын, оның сақталу мерзіміне мән берген дұрыс. Тіпті, балалардың қауіпсіздігі үшін мерекелік отшашуларды алмаған да дұрыс дейді төтенше жағдай қызметкерлері.

"Пиротехника" жедел алдын алу шарасы жылдың соңына дейін жүргізіледі. Егер әлі де  көше бойында, шағын дүкендер мен  жайма базарларда лицензиясыз  отшашулар сатылып, заң бұзушылыққа жол берілсе, сатушыларға  25 айлық есептік көрсеткіш, яғни 69 450 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar