2020 жылдың маусымында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ және Kusto Group халықаралық компаниялар тобына кіретін «Semey Tannery» ЖШС компаниясы арасында Семей қаласында былғары комбинатын кейіннен сатып алу құқығымен мүлікті жалға алу шартына қол қойылды.
Инвестор бірқатар жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 2020 жылдың тамыз айында жұмысқа кірісті. Кәсіпорында хабарлағандай, комбинатта айына 250 тоннаға дейін шикізат өңделеді. Комбинаттың максималды қуаты жылына 1,7 миллион шаршы метрге дейін wet blue жартылай фабрикатын құрауы мүмкін. Жартылай фабрикаттарды өндіру технологиясында қолданылатын шикізат пен қажетті химиялық заттарды жергілікті өнім берушілер жеткізеді, сонымен қатар Ресейден ішінара сатып алынады.
«Бүгінде біз зауытта өңдеуге дайын 800 тоннаға жуық ірі қара терісін сатып алдық. Біз әлі максималды қуатқа жете алмадық, себебі пандемия әсер етті, елдер мен аймақтар арасындағы шекаралар жабылған кезде біз дайын өнімді экспорттай алмадық, қажетті химикаттарды импорттай алмадық, аймақтардан шикізат ала алмадық... Бұл өте қиын болды, бірақ соған қарамастан, біз төтеп беріп, өндіріс қарқынын біртіндеп арттырудамыз. Қазіргі уақытта зауыт жүктемесі шамамен 30-40 пайызды құрайды. Қазан айында өнімнің алғашқы партиясы экспортқа жөнелтілді. Біз Қазақстан бойынша шикізат сатып алу желісін құрып, отандық тауар өндірушілермен серіктестікті жолға қойдық», - деп бөлісті «Semey Tannery» ЖШС атқарушы директоры Руслан Бисенов.
Комбинат оның негізгі қызмет түрі бойынша іске қосылды: жаңа үлгіде мал терісін өңдеу, wet blue хромды илеудің экспортқа бағдарланған жартылай фабрикатына сай былғары өнімін өндіру және сату.
Кәсіпорында 100-ге жуық адам жұмыс істейді.