USD474.83EUR515.38RUB5.5

«Айбын 2020» әскери-патриоттық жиынның жеңімпаздары марапатталды

19 желтоқсан 2020, 12:52
Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында «Айбын 2020» VI республикалық әскери-патриоттық жиынында командалық есепте бірінші орынды жеңіп алған «Жас қырын» әскери клубының мүшелерін марапаттау салтанаты өтті.
«Айбын 2020» әскери-патриоттық жиынның жеңімпаздары марапатталды

Шара барысында ел көлемінде өткен сайыс жеңімпаздарына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің, Семей қаласы әкімдігінің Алғыс хаттары мен грамоталары табысталды. Сондай-ақ, жас өрендердің дайындалуына белсене атсалысқан мекеме жетекшілері марапатталды.

Шектеу шараларын ескере отырып өткізілген салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Қайырбек Қайырханов, Семей қаласы білім бөлімінің өкілдері және мектеп директорлары қатысты. Олар жас сарбаздарды жеңісімен құттықтап, «Жас қыран»  командасының республикалық деңгейде қолжеткізген жоғары нәтижелері тыңғылықты дайындықтың жемісі екенін атап өтті.

Онлайн форматта өткізілген республикалық әскери-патриоттық жиынға еліміздің барлық аймақтарынан 17 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Биылғы жарыстың бір ерекшелігі команда мүшелері сайыстың барлық түріне қатысуға мүмкіндік алды.

Шара барысында жас өрендердің жарысқа дайындалуына  атсалысқан азаматтардың да еңбегі ескерусіз қалмады. Атап айтқанда мектеп директорлары әскери-патриоттық клуб жетекшілері, сондай-ақ қалалық Қорғаныс істерінің өкілдері дипломдармен Алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздардың әрқайсысына электорлы самокат табыс етілді. Жас сарбаздардың алдағы мақсаты «Айбын» әскери-патриоттық жиынның Гран-При иегерлері атану.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar