
- Нәсен ақсақал біздің халық сыйлайтын нар тұлға болды. Өкінішке орай, биылғы жылы, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты біз қоштаса алмадық, біз оны әрқашан ұмытпаймыз. Нар тұлғасы әрқашан біздің жүрегімізде – деді қала басшысы.
Сембаев Нәсен Ыбрайұлы 1933 жылы дүниеге келген. Семей қаласының еңбек ардагері. Бірнеше мәрте Семей облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған. «Абай ауданының құрметті азаматы».