
Бағдарламаға сәйкес, аталған серіктестік Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының жүзу бассейніне күрделі жөндеу жүргізуде. Бүгінгі күні еден плиталары, шатыры ауыстырылды, бағаналар мен сыртқы қабырғалары күшейтілді. Бассейннің барлық орын-жайларына жөндеу жүргізілді. Суды тазарту, желдету, жарықтандыру, су құбырлар, кәріз жүйесі толықтай ауыстырылды. Жұмыстар аяқталар күн алыс емес – дейді серіктестіктің бас инженері Рымтай Сағындықов.
Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталған болатын. Нысан желтоқсан айының соңында пайдалануға беріледі.