Кездесу, Түңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған, онлайн режімде өтті.
Басқосу барысында А. Рахимжанов Елбасы кітапханасы қызметінің негізгі бағыттарына және кездесудің маңыздылығына тоқталды.
-Семей қаласындағы ҚазИГЗУ үздік студенттерімен кездесу – мен үшін үлкен мақтаныш. Бұл қала тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Осы дала әлемге Қазақстанның ұлттық мақтаныштарын, Абай Құнанбайұлын, Шәкәрім Құдайбердіұлын, әлемдік әдебиет кемеңгері Мұхтар Әуезовты әкелді. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және де басқа атақты адамдар іздерін қалтырған қасиетті жер. Осы кездесу біздің еліміздің болашағы болып танылатын біздің жастар үшін өте маңызды – дейді мәртебелі мейман.
Конференция шеңберінде студенттер еркін форматта өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды және Елбасы Кітапханасының Мұражайы бойынша онлайн экскурсия жасады.
Университет студенттері Елбасы кітапханасы қызметінің негізгі бағыттары, немен айналысатыны және оның басты мақсаты туралы мәліметтер алды. Осы балалардың барлығы студенттік ұйымдардың, университеттің өзін-өзі басқарудың көшбасшылары және қоғамдық қызмет, ғылым, спорт салаларында белгілі үлестері бар. Бұл шара онлайн режімінде жүргізілді. Оның негізгі мақсаты – жастар арасында патриоттық сезімді және Түңғыш Президенттің саяси бастамаларын нығайту – дейді жастар саясаты орталығының жетекшісі Диас Смағұлов.
Онлайн шараға 35 студент қатысты. Кездесу барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып үш аудиторияда өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай кездесулер студенттерді қоғамдық жұмыстарға тартуға ынталандырады.