Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен сыбайлас жемқорлықтар тәуелдерінің санын азайту мемлекеттік құрылымдардың басты міндеттерінің бірі саналады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының дер кезінде жолын кесу және мемлекеттік қызметкерлердің дербес жауапкершілігін арттыру. Сондай-ақ, тұрғындарды онымен күреске тарту үшін сенім телефондарының үздіксіз жұмыс істеуі кездесоқ емес.
Шығыс Қазақстан аумағында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «Шығыс - адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылуда. Жоспарға сәйкес барлық білім беру мекемелерін де, мәдениет және спорт ұйымдарында, сондай-ақ соттар мен өзге де органда да, оның ішінде құқық қорғау органдарында жүйелеу жұмыстар жүргізілуде. Азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты арттыру үшін халықпен арнайы кездесулер өткізіледі. Олардың бірі Семей қаласының Білім беру мекемелерінде заңсыз ақша қаражатын жинаудың алдын алу жайында болды.