Кез келген қаржылық пирамидамен өзге де жалған ұйымдардың жұмыс істеуіне ықпал ететін тұрғындардың өзі, дейді Құқық қорғаушылар. Адамдар өздері ақша беремесе, ондай ұйымдардың жұмысы жүрмейді. Жыл басынан бері қаншама факт әшкере болса да, тұрғындар алаяқтардың құрығынан әлі де құтылмауда.
Ватсап желісі арқылыда топ құрып алып, тұрғындарды алдап, халықтың қалтасына түсіп жүргендердің өзі қазірде Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы экономикалық тергеу департаментінде тергелуде. Шығыс Қазақстан экономикалық тергеу департаментінің мамандары, тұрғындардың қаржылық пирамидамен сол сияқты ұйымдарға қатысты ақпараттар белгілі болған жағдайда департаменттің облыстағы сенім телефонына 29-56-51 нөміріне хабарласуды сұрайды. Құқық қорғаушылар тұрғындарды жеке бастарына қатысты мәліметтерді таратудан сақ болуға шақырады.