USD524.65EUR552.19RUB5.14

«Jolaman»-ның мақсаты – халықты халал етпен қамту

10 желтоқсан 2020, 10:05
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев орталық жұмысымен танысты.
«Jolaman»-ның мақсаты – халықты халал етпен қамту

Қазақстанда 2025 жылға қарай қуаттылығы әртүрлі 20 көтерме-тарату орталығын салу жоспарланып отыр. Олардың алғашқы бесеуі, соның ішінде Семей көтерме-тарату орталығы жақында пайдалануға беріледі. Семейдегі құрылыс өткен жылдың жазында басталып, аяқталуға жақын қалды. Жобаны «АҚШЫҢ» корпорациясының еншілес ұйымы «Jolaman» көтерме-сауда орталығы жүзеге асырады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев осыған орай жақында Семей қаласына жұмыс сапарымен келіп қайтқан болатын. Қаламыздың сол жағалауында бой көтеріп келе жатқан көтерме сауда-тарату орталығының  құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жобаның құны – 1,5 млрд. теңге, республикалық тауар өндірушілер желісін құрудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

- Негізгі мақсат – ең алдымен ауылшаруашылық тауарларын өндіруші кәсіпорын иелеріне жағдай жасау, өнімдерді бір жерден сатуға жол ашу. Ең бастысы сатып алушы өнімнің қаншалықты сапалы екенін, қай жерде өндірілгенін көреді. Менің ойымша бұл өте дұрыс шешім. Біз өз кезегімізде мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек, - дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев.

Осы ауқымды жобаның жүзеге асуына ұйытқы болған, «АҚШЫҢ» корпорациясының президенті Марат Құрманбайдың айтуынша, қазіргі кезеңде халықтың басты талап етіп отырғаны – халал ет тұтыну. «Сондықтан тұрғындардың талабына барынша сай болып, халал ет өнімдерін ұсынамыз»,- дейді Марат Серікжанұлы.

Бұған қоса мұнда қонақүй кешені, асхана мен базардың әкімшілік құрылысы жүріп жатыр. Мал сою цехы мен зертхана да іске қосылған. Құрылыс және өнеркәсіп тауарлары базарының, сондай-ақ балалар алаңдары бар саябақ аймағының және әлемнің түрлі елдері мен қазақстандықтардың сауда автотуристері үшін атпен серуендеу аймағының құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Көтерме тарату-орталығы келесі жылы толықтай іске қосылады деп жопарлануда.  

Өткен жылдың жазында басталған орталықтың құрылысы, қазіргі уақытта аяқталу алдында. Бүгінгі күні қуаттылығы тәулігіне 50 ірі қара мал соятын өзінің қасапханасы жұмыс істеуде. Орталық аяқталғанда көтерме-тарату қоймалары, кросс-док, тоңазытқыш және мұздатқыш камералар іске қосылады. Қала жұртшылығы жыл соңына дейін осынау игілікті істің шарапатын көретін болады.

Әлия НҰРБЕКҚЫЗЫ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar