Бұл мәселе жөнінде «Жылукоммунэнерго» мекемесі өкілдерінің пікірін білген едік. «Жылукоммуэнерго» МКМ оң жағалаудағы жылу желілерінің бастығы Валерий Романченконын айтуынша жылу желісі жедел қалыпқа келтірілген. Арнайы техникалар бөлініп, мекеменің алты қызметкері жұмылдырылған. Аудандағы тұрғындарда жылу бойынша қазір ешқандай мәселе жоқ дейді ол.
В. Романченко атап өткендей бұл ауданның жылу желісіндегі мәселе толықтай шешілмек. Күрделі жөндеу жүргізіліп, желілер толық ауыстырылады деп жоспалануда.