
- Бізге біршама уақыт есікті ашпады. Оған дейін екі сағаттан артық далада жүрдік. Үйлену тойына 100-ден астам жиналған, күтушілерді қосқанда 120 адамнан асады. Шектеу шараларына қарамастан адамдар бұқаралық адамдар жиналатын орындарға барып отбасылық мерекелерді өткізуді жалғастыруда. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайда тыйым салынған әрекет - дейді «Семей - адалдық алаңы» штабының жетекшісі Дариға Дайырова.
1 қазаннан бастап Семейде 112 рейдтік іс-шара жүргізілді, 1543 кіші және орта бизнес нысандары тексерілді, 210 бұзушылық анықталды.