USD449.3EUR489.69RUB4.89

Пробация қызметкерлері қан тапсырды

25 қараша 2020, 12:27
«Донор болып өзгенің өмірін құтқар». Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі бойынша Семей қаласының Әуезов аудандық пробация қызметкерлері Қан орталығымен бірлесіп, қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, донор болды.
Пробация қызметкерлері қан тапсырды

Семей қаласындағы Әуезов аудандық пробация қызметкерлері қан доноры болуды дәстүрге айналдырған. Арнайы орталыққа ұжыммен келіп, жылына бірнеше рет келіп қан тапсырады. Донор боламын деушілерге орталық есігі ашық. Негізінен екі айда бір рет қан тапсыруға болады. Бір донордан шамамен  450 мл қан алынады. Қан орталығының қызметкерлерінің айтуынша оны тиісті сараптама жасалғаннан кейін ғана адам ағзасына құюға болады. Алынған қан қажет болған жағдайда Семей қаласынан бөлек өңірімізге қарасты бірқатар аудандардың ауруханаларына жіберіледі. Орталық дәрігерлердің сөзінше, мұнда қаламыздың бірнеше мекемесі ұжыммен келіп тұрақты түрде қан тапсырады.

Айта кетейк, пандемияға байланысты қан плазмасын дайындау жұмыстары да белсенді жүргізілді. Коронавирус індетінен айыққан 348 адам донор болған. Жалпы орталықта 1039 имундық плазма қоры дайындалған. Ал, пробация қызметкерлері болса науқас жандардың өмірін құтқаруға үлес қосу мақсатындағы шараларын тұрақты түрде жалғастырмақ ниетте.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar